Басты бет Иман ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫ ШЫРМАУЫ

ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫ ШЫРМАУЫ

0
4,119

Ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиа кеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырды. Нәтижесінде, кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді.

Ақпарат алмасудың әртүрлі заманауи тетіктерін шебер қолданатын деструктивті діни ағым идеологтары оқу, хат алмасу, бейне және аудио материалдар арқылы радикалды көзқарастарды таратуда. Мазмұны және ішкі мәні бірдей материалдар сан-алуан жолдармен, әрқилы формада ғаламтор пайдаланушылардың санасына құйылып келеді.

Деструктивті және экстремистік топтар тарапынан жүргізіліп отырған кең көлемді насихат жұмыстарының мақсаты ортақ – әрбір шаңырақта өшпендiлiк пен алауыздық отын тұтату және қоғамдағы ауызбіршілікті жою, сол арқылы мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiріп, елдің конституциялық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа да жұмыстарының нысанына ең алдымен жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән-мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына тереңдеп енбей жатып діндарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз. Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды.

Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындыру арқылы, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және мүшелерді ұйымда ұстап қалудың өзге де жолдарына сүйенеді. Осылайша олар тұрмыс қалпын және адамның еркін ақпараттық дүниетанымды таңдау құқығын бұзады.

Дәстүрлі емес діни ұйымдар өздерінің миссионерлік жұмыстарын белсенді жүргізеді. Сондай-ақ қайырымдылық істерін жақсы ұйымдастырады. Бұл ағымдар өз ұйым мүшелерінің құқығын бұзып, «сананы бақылау» әдісі арқылы денсаулығына, психикасына зиянын тигізеді. Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.

Адамның діни таным жөніндегі пікірлері де әртүрлі болып келеді. Діни таным — адамның ішкі әлемінің татулығы, қоғаммен, табиғатпен үйлесімді болуы. Әрбір адам қоршаған ортасын қадірлеп, айналасындағы адамдарды сыйласа, мемлекетттің заңдарына құрметпен қараса, пайдалы істер жасаса, осының барлығы айналып келгенде имандыллыққа саяды.

 

Жаңабай Сағыныш Асқарұлы 

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

орталығы директорының орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕЙІРІМ, ШАПАҒАТҚА ТОЛЫ АЙ

Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қас…