Басты бет Әлеумет QR-төлемдер

QR-төлемдер

0
539

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.

QR-код арқылы, мысалы,  жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.
«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына  орнаттық», — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.
Енді азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

 QR-платежи помогут сократить время ожидания клиентов в ЦОНах

 «Правительство для граждан» увеличило перечень государственных услуг, за которые  можно вносить госпошлину при помощи QR-кода. Теперь казахстанцы, в ЦОНах страны, за все госуслуги могут оплатить с помощью своего смартфона за считанные секунды.

Оплатить QR кодом можно, например, изготовление и выдачу актов на земельные участки, регистрацию прав на недвижимое имущество, объекта кондоминиума и другие госуслуги в сфере земельных отношений, недвижимого и движимого имущества, а также государственной регистрации юридических лиц.
«Мы понимаем, что в период пандемии важно значительно минимизировать риски образования очередей и стараемся внедрять и автоматизировать процессы, которые снизят риски и будут максимально удобными для клиентов. Проект по QR-оплате за госуслуги стартовал несколько месяцев назад и за это время нам удалось установить оборудование во всех 339 центрах обслуживания населения для осуществления оплаты через QR», — отметил первый заместитель председателя правления госкорпорации Суйениш Абдильдин.
Граждане при посещении ЦОН могут тут же, без очереди в кассу и длительного ожидания, мгновенно и безопасно оплатить полученные государственные услуги при помощи QR-кода в приложениях Homebank и Kaspi.kz.
Теперь при заказе той или иной услуги, клиент может попросить менеджера сформировать QR для оплаты и в течение минуты произвести оплату с помощью смартфона. Стоит отметить, что QR-код формируется индивидуально по каждой услуге и для каждого клиента.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…