Басты бет Әлеумет ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ БАҒДАРЫМЫЗ

ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ БАҒДАРЫМЫЗ

0
1,479

Қоғамның дамуы ол – мемлекеттің дамуы. Қоғамды құраушы күш халық болғандықтан оның әл-ауқатының көтерілуі, тұрмыс жағдайының артуы басты міндеттердің бірі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жоғарыда айтқан мәселелерге арнағандығы белгілі. Нақтырақ айтқанда, аталмыш Жолдауда Елбасымыз ең төменгі жалақы мөлшерін 28 мыңнан қырық екі мыңға көтеріп, халықтың жағдайын жақсартуды басты мақсат етіп отыр. Бұл әр мекеменің тазалығына жауапты қызметкерлеріміз үшін үлкен қуаныш болғандығы да ақиқат.

Бүгінгі таңда көпбалалы аналарымыз бен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, ардагерлеріміз, мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақымен, материалдық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар аталған азаматтар үшін тұрғын үй кезектері алға жылжып, жер мәселесі де оңтайлы шешімін тауып келеді. Мемлекет тарапынан тағайындалатын әлеуметтік көмектен ауданымыздағы аз қамтылған және көп балалы отбасылар шет қалып жатқан жоқ. Бұрындарымен салыстырғанда аудан тұрғындарының жағдайы біршама жақсарды деуге болады. Дегенмен әлеуметтік көмек берудің көлемін көтеру керек деп санаймын. Сонда шешімін таппай тұрған бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылып, қуаттылығымыз арта түседі деген сенімім мол.

Қалабай МЕРЕЙІМОВ,

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…