Басты бет Рухани жаңғыру ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

0
1,708

       Еліміз Тәуелсіздік алып, етек-жеңін жиып, түтіні түзу шығып жатқан бақытты сәтте тіліміз, дініміз, діліміз, мәдениет пен өнеріміз де өз егемендігін алды. Айналаға көз салып, дамуға қарай қарқынды қадам басқан Тәуелсіз Қазақстанның тұтқасын ұстаған Тұңғыш Президентіміз болашақты байыппен  бағдарлап,  өзінің жыл сайынғы маңызды құжаттарын халыққа жолдап, сол арқылы қараңғы соқпаққа шам жағып, ұлы көшті жарқын келешекке жетелеп келеді.

Өткен жылы жарық көрген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында ел тағдырының тағы бір маңызды сәтінің шешілуі айтылған еді. Ол біздің бүгінгі қолданыстағы әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру мәселесі болатын. Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәде­ни, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі ор­нын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Мемлекет басшысы қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойып, күрделі тапсырма жүктеді. Әрине, әліпбиді қашан және қандай жолдармен ауыстыру қажеттігін дұрыс әрі нақты қабылдаған жөн. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, экономикалық қажырлық пен қомақты қаражат, сонымен қатар интел­лек­туалдық күш-жігер керектігі айтпаса да түсінікті. Десек те Елбасымыздың осы уақытқа дейінгі қабылдаған шешімдері тек жеңіспен және күтілген оң нәтижемен аяқталып келе жатқанын білетін барша қазақ елі бұл жолы да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған жаңа бастамаға үлкен сеніммен білек сыбана кірісіп кетті. Елбасымыз тізгінін ұстаған көшбасшы партия «Нұр Отан» партиясы да бұл даңғылда өзіндік рөлін жаңылмай алып шығады деген сенімдеміз және қараша халықтың арасында осы бағытта түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп отыратын боламыз.
Ендігі кезекте ұрпақтың алдында тұрған үлкен жаңалықты ең бірінші білім беру саласында нақты әрі тиянақты, орнықты түрде енгізіп алсақ, қоғамның бұл серпіліске бет бұрысы біртіндеп түзеледі деп сеніммен айта аламыз. Тағы бір айта кетерлік жайт, халық арасында жүрген кейбір күдікті мәселелерге сәйкес латын әліпбиіне көшуіндегі орын алған басқа елдердегі олқылықтарды қайта­ла­майтын оңтайлы жолды қарастыру қажет. Болашақ ұрпақ екі кеменің басын ұстамайтындай, жалпыға жеңіл, тілдік ортаға икемді болғаны абзал. Біз осыған үміттіміз.
Мәулен НҰРОВ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…