Басты бет Әлеумет «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ» АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ХҚКО- ҒЫ БІРІНШІ «ПРОАКТИВТІ» БАЛАҒА ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ» АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ХҚКО- ҒЫ БІРІНШІ «ПРОАКТИВТІ» БАЛАҒА ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

0
1,746

Департамент директоры Ермек Бекжунусов мемлекеттік қызметтердің проактивті принципы бойынша облыс тұрғыны  Гульжан Оспановаға туу туралы куәлігін  табыс етті.

Сонымен қатар жаңа туған Малика Русланбекқызы балабақша кезегіне тіркелінді. Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы облыс бойынша 64 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерге проактивті тәсілмен қол жеткізу үшін азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін порталдағы жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне бекітуі тиіс. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…