Басты бет Әр қилы ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

0
38

1 қазан – Қарттар күніне орай «Әділет» партиясының «Әлеуметтік ынтымақ және атаулы қолдау» басымдығын жүзеге асыру және аға буын өкілдеріне нақты қолдау көрсету мақсатында аудандық кітапхана алаңында «Әділет бұрышы» ашық консультациялық алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қарттардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін шешуге бағытталған тегін кеңес беру, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және практикалық көмек көрсету.

«Әділет бұрышы» аясында аға буын өкілдері өздерін толғандырған сұрақтар бойынша түрлі сала мамандарына жеке жүгініп, қажетті кеңестер алды.

Атап айтқанда, құқықтық кеңес беру бағытында мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек қатынастары, алимент және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме берілді. Әлеуметтік қолдау бағыты бойынша жәрдемақылар, жеңілдіктер, әлеуметтік қызметтерді алу және қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, медицина мамандары денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу бойынша кеңес берсе, цифрлық сауаттылық бағыты бойынша eGov, WhatsApp, Kaspi және басқа да цифрлық сервистерді пайдалану жолдары көрсетілді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді

Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 13…