Басты бет Өңір тынысы ЖҰМАҚҚА АЙНАЛҒАН ЖЕМІС БАҒЫ

ЖҰМАҚҚА АЙНАЛҒАН ЖЕМІС БАҒЫ

0
26

    Біздің аудан аграрлы болғандықтан кезінде жүгерімен атағымыз аспандаған. Одан күріш ектік, оның да көл-көсір пайдасын көрдік. Жүзім плантацияларының аумағын асырып, атағымыз шетелге шықты. Бүгінде жеміс-жидектің сұранысқа ие болған түрлерімен шаруа қожалықтары, жалпы аудан жұртшылығы жаппай айналысуда. Алманың түр-түрі де біздің аймақта өседі. Оның ішінде абрикостың отанына айналғанымыз тағы шындық. Оның жарқын көрінісі өрікке арналған фестивальдің өтуі.

    Өткен жылы алғаш рет ауданда өрік фестивалі өтті. Облыстық деңгейде өткен шараға көптеген қонақтар мен аудан тұрғындары қызықтап жүріп қатысқаны бәріміздің есімізде. Бұл дәстүрді биыл да жалғастырып екінші рет фестиваль жұмысы басталды. Фестивальдың бастамасы Ават ауылынан бастау алды. «Ильтыз» шаруа қожалығының төрағасы Армидин Таиров жетекшілік ететін бақшаға барған журналистер мен қонақтар оның ішкі жұмысымен танысты. 7 гектар жерге абрикос еккен бағбан бұл шаруамен айналысқанына 24 жыл болыпты. Яғни 24 жылдық бақтың өнімі жайлы қызықты әңгімесін айтты. Ұйғыр және қызылжүзді сорттарын өсіреді екен. Журналистерге арналған пресстурдың алғашқы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы ауданда абрикос өсіруге бағытталған 3500 гектар алқаптың бүгінде нақты өнім беріп отырғаны 2100 гектар екендігін тіліне тиек етіп, алдағы уақытта оның аумағын көбейтуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жоғары аумақта 500 гектар болса, қалғаны төменгі жаққа тиеселі екен. Биыл Өзбекстандағы өріктер үсікке шалынғандығын, сондықтан олардан сұраныстың түсіп отырғандығын, одан бөлек Ресейге тонналап өнім өтетіндігін түсіндірді. Одан бөлек Алматының Алтын орда базары мен Астана қаласынан алушылардың қатары көбейгендігін ескертті. Бұл біздің өнімнің сапасы мен тазалығын танытса керек деген ойын жасырмады. Сонан соң жиналғандар Үлкен Ақсу ауылының аумағындағы омарташылардың жұмысымен танысты. Даниил Калмаковтың бал өнімінен дәм татып, абрикостың гүлінен бөлек әртүрлі шөптердің гүлінен нәр жинайтын бал араларының өмірінен мағлұматқа қанық болдық. Даниил бір жазда 3-4 тонна бал өнімін алады екен. Сұранысқа ие жантақтың балы екен. Ол жылда гүл ашпайтындықтан одан мол өнім алуға болмайтындығын да осы жолы білдік. Жалпы ауданда тіркелген 30 омарташы бар екен. Оның 12 і Үлкен Ақсуға тиеселі болып шықты.

Омарташылардан соң Ұзынтам ауылындағы экопарк аумағында ғылыми конференция өтті. Өрік пен балдың өнімін арттырудың жолдары қарастырылған бұл басқосуды аудан әкімі Бота Елеусізова жүргізді. Алғашқы сөзді Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ауданның ауылшаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. Өрік фестивалінің биыл екінші рет өтуіне облыс әкімі өзін арнайы жібергендігін түсіндірді. Ауылшаруашылығын дамытуға қомақты үлес қосып жүрген Уйғун Арзиев, Турғанжан Авлилиев, Құраш Хайроллаұлына облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Тимур Таймырұлына, Ялқун Юсупов, Армидин Таировтарға облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Ғылыми конференцияда Қазақтың аграрлы университетінің мамандары баяндама жасады. Уйғун Арзиев пен тиірмендік Таңатар Әбдікерімдер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Омарташы Таңатар тозаңдандыру бойынша өзінің қол жеткізген табыстарын айтса, Уйғун Арзиев алма, абрикос, шабдалы, шие өсірудегі жаңашылдықтарымен таныстырды. Армидин Таиров өнімдердің сапасын анықтайтын зертхана ашылатын уақыттың жеткендігін облыстан келген өкілге базына ретінде жеткізді.

Кешке қарай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында фестиваль өз бастады. Кіре берістен бастап әр ауылдық округтер өздерінің өріктен жасалған өнімдерін, сусындар мен тосаптарын ұсынды жиналған жұртқа. Өріктің неше түрлі сұрыптарынан арнайы көрме ұйымдастырылыпты. Сурет көрмесі де көздің жауын алатындай. Қарама-қарсы жақта әр ауданнан келген қолөнер бұйымдарының көрмесі мен ат әбзелдері қойылыпты. Облыстан келген өкілдер барлығын аралап, өз бағаларын беріп жатты. Сахна төріне облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы шығып, ауданымыздың өрік фестиваліне құтты болсын айтты. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың арнайы жіберген хатын оқып берді. Сонан соң аудан әкімі Бота Елеусізова құттықтау сөзге шықты. Бүгін Сіздермен екінші жыл қатарынан аталып өтіліп отырған «Өрік фестивалінде» бас қосып отырмыз. Біздің ауданымыз ауылшаруашылық саласын қарқынды дамытуға өте қолайлы аймақ болып табылады. Оның ішінде егін шаруашылығы мен бақ өсіруге өңірдің жағымды ауа райы да географиялық орналасу ерекшелігі де мол мүмкіндіктер туындатып тұр.Барлығымызға белгілі ауданымызда бақ шаруашылығы, жеміс ағаштарын баптау, оның ішінде өрік өсіру нақты жолға қойылған. Бұл кәсіп ауылшаруашылық саласында ауданымыздың даму бағытын айқындайтын, осы өңірдің өзіндік ерекшелігіне айналған шаруашылық болып қалыптасты.

Осыған орай жергілікті шаруалардың айналысатын бақ өсіру шаруашылығын, ұзақ жылдар бойы жер сіңдірілген өрік жемісінің алуан түрлі сорттарын кеңінен танытуға, ауданымыздың туристік әлеуетін арттыру мақсатында осындай ауқымды шараны қолға алып отырмыз. Осы шара арқылы ауылшаруашылық саласының даму қарқынын арттырып, сол саланың өзекті мәселелерінің оңтайлы шешілуіне жол ашып, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың бақ өсіру, жеміс-жидек өндірісіне қызығушылығын арттыру көрсеткішін көтеретін боламыз. Ауданымыз республика көлемінде өрік жемісін өндіруден бірінші орында тұр. Облыс әкімінің қолдауымен ауданымыздың көзайымдық шарасы болып қалыптасып келе жатқан «Өрік фестивалі» жыл сайын жалғасын тауып, республикалық, халықаралық деңгейге дейін аталып өтілу күтілуде. Баршаңызды бүгінгі ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымыздың ырысы артып, берекесі еселене берсін! – деген жалынды сөздерін арнады. Фестивальдің соңы арнайы шақырылған әртістердің концертіне ұласты.

Баян МАМЫРБАЕВА

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ХОШАЛЛИҚҚА ТОЛҒАН КҮН

Өз өйиниң ачқучиға егә болуш  – һәрбир аилиниң әң чоң армини болса керәк.Кейинки жилларда …