«Өткен аптаның бейсенбісінен бастап, Алматы облысы аумағында жанармай тапшылығы мәселесі туындады. Оның ең басты себебі, еліміздегі ең ірі — Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтағаны. Салдарынан, өндірілетін бензин азайды. Осындай жағдайда сұраныс та өсіп кетеді. «Бензин жоқ» дегенді естіген халық жапа-тармағай бензин алуға ұмтылып, сұраныс әдеттегіден 2-3 есеге өсіп кетті. Дегенмен, жағдай толық бақылауда. Энергетика министрлігінен де, жергілікті әкімдіктен де салаға жауапты мамандар бекітілген. Қазір сұранысты қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр». Бүгін журналистерге арнайы баспасөз-мәслихатын өткізген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев осылай деді.
Мәслихатқа Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатов және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбай Галинов қатысты.
«Облыс аумағында 335 жанармай бекеті бар. Оның 134-інде бензинмен қоса газ құйылады. Қазір бекеттерде 22 мың тоннадан астам жанармай қоры бар. Облыс аумағында АИ-92 маркалы бензин бағасы 147-159 теңге айналасында тұр. «Газпромнефть» бекеттерінде бензин құюда еш мәселе жоқ» дейді Алимжан Тохтасунов.
«Бүгінде үкімет боп, жергілікті әкімдіктер боп мәселені қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазір сұраныс импортпен жабылып жатыр. Сол себепті, жанармай бағасы қымбаттады. Мемлекет бағаның шарықтап кетпеуін қадағалап отыр. Осы аптаның соңына дейін мәселе толық шешімін табады деп ойлаймын» деді облыс әкімінің біріші орынбасары.
«Жанармай бағасының қымбаттауы – азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін бе? Әлде жағдай бақылауда ма?» деген «Қазақстан» ұлттық арнасының меншкті тілшісі Қуаныш Қанатұлының сұрағына Тұрсынбай Галинов жауап берді.
«Әрине, бензиннің қымбаттауы барлық тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бірақ, біз жанармай бағасының негізсіз өсіміне жол бермейміз. Ондай болған жағдайда, әдейілеп бағаны көтерген мекемелерді жауапқа тартамыз» деген Т.Галинов дәл қазіргі уақытта комитет құзырында АИ-80 маркалы бензиннің бағасын бақылау ғана бар екенін жеткізді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…