Басты бет Әр қилы МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ

0
21

Ауданымызда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік берді.

2023 жылы бағдарлама шеңберінде Кіші Дихан ауылында 50 орынды спорт кешенінің құрылысы жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны 743,1 млн теңгені құрады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл кешен жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Үлкен Ақсу ауылында жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 566,8 млн теңгені құрады. Бұл жоба аясында инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қосты.

Спорт нысандарының салынуы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берсе, инженерлік желілердің жүргізілуі ауылда жаңа тұрғын үйлердің салынуына жағдай жасады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған маңызды мемлекеттік бастама ретінде өз нәтижесін көрсетіп келеді. Бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.

АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨСЕГЕНІ КӨГЕРТЕТІН – ТІЛ

Ана тіліміздің тағдыры туралы көп айтатын, жазатын болдық. Тәуелсіз елімізде, өз туған жер…