
09 сәуір күні Ұйғыр ауданы, Қалжат ауылдық округі әкімдігінде «Адал азамат» жобасы аясында этнос жастары арасында әлеуметтік кеселдердің зияны туралы ашық диалог өтті.
🎯 Шараның басты мақсаты – жастарға нашақорлық, құқықбұзушылық және зиянды әдеттердің зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру.
💬 Диалог барысында спикерлер әлеуметтік кеселдердің алдын алу жолдарын түсіндіріп, олардың жеке тұлғаға, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсерін нақты мысалдармен жеткізді. Сондай-ақ, жастарға бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар берілді.
🗣 Іс-шара еркін форматта өтіп, жастарға сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. Қатысушыларға құқықтық білімдерін арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынылды.
📌 Кездесу соңында қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті екені атап өтіліп, жастар заңға құрметпен қарап, жауапты азамат болуға шақырылды.
#АдалАзамат #Жастар #СалауаттыӨмірСалты #ҚұқықтықСауаттылық #ҰйғырАуданы
