Басты бет Заң және қоғам ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОРҒАУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОРҒАУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

0
20

Қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесі бүкіл әлем бойынша өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Әсіресе террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Аудан көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Террористік тұрғыдан осал объектілер (әрі қарай ТТОО) қатарына халық көп шоғырланатын орындар жатады. Атап айтқанда: білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сауда орталықтары, мәдениет үйлері, спорт мектептер, Арасан учаскесінде орналасқан демалыс орындары және көлік инфрақұрылымдары ерекше бақылауда болуы тиіс. Мұндай орындарда қауіпсіздік талаптарын күшейту – кезек күттірмейтін мәселе.

Аудан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ТТОО меншік иелері тарапынан ғимараттарда бейнебақылаужүйелері орнатылып, дабыл түймелері іске қосылған.

Сонымен қатар, нысандарда күзет қызметі ұйымдастырылып, қызметкерлерге арнайы нұсқаулықтар берілуде. Террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндіріліп, оқу-жаттығу жұмыстары күшті құрылымдар өз ара әрекеттестігі негізінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Объектілердің басшылары мен жауапты тұлғаларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қорғауға міндетті. Осы ретте құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнату маңызды.

Сонымен қатар, тұрғындардың да сақтық шараларын ұстануы аса маңызды. Күдікті заттар мен белгісіз адамдарға бейжай қарамау, тиісті органдарға дер кезінде хабарлау – әр азаматтың азаматтық борышы. Қоғамдық қауіпсіздік тек арнайы қызметтердің ғана емес, барша халықтың ортақ ісі екенін ұмытпаған жөн.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық ТҚК хатшысы мен аудандық полиция бөлімнің жауапты қызметкерлері 2026 жылдың басынан ТТОО 15 обьектіде мекеме басшылары және персоналмен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүзеге асырды. Алдағы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісін насихаттау жалғасын табатын болады.

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз қауіп-қатердің алдын алып, бейбіт өмірді сақтай аламыз. «Әр қадам – жауапкершілік, әр әрекет – қауіпсіздік!» демекші, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге, әр азаматтың қырағылығы мен жауапкершілігі маңызды екенін ұмытпайық. Қандай да бір күдікті заттардың табылуына  немесе күдікті азаматтарды байқаған жағдайды шұғыл тұрде  102 немесе 2-11-41 телефон нөмірлеріне дереу хабар беру керек.

Телефон арқылы терроризм туралы өтірік хабарламалар беру, заңменқадағаланатынын және өтірік хабарлама берген азамат ҚР-нің қолданыстағы заңдары негізінде жауапкершілікке тартылатынын ескертемін.

Маликжан МАСИМОВ,

Аудан әкімі аппаратының Жұмылдыру

 дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау,

 терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық

бұзушылықпрофилактикасы бөлімінің

                                                  бас инспекторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ

Ғасыр індеті сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және жолын кесу әрбір Қазақстан Республикасыны…