Басты бет Референдум Аудандық Аналар кеңесінің мүшелері референдумда өз таңдауын жасауда

Аудандық Аналар кеңесінің мүшелері референдумда өз таңдауын жасауда

0
18

Бүгін республикалық референдум аясында аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Мамирова Айтунам дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ол дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысты. Айтунам Мамирова мұндай маңызды қоғамдық-саяси шараларға әр азаматтың қатысуы елдің дамуы мен болашағы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың өз пікірін білдіріп, мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Сонымен қатар ол барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Әрбір дауыс – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына қосылған үлес.

Аудандық журналистер клубының мүшесі Сембекқызы Перизат

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, 15 наурыз күні ауылымыздың тұрғыны Чинибаев Еселбай үшін ерекше күн. 1956 жылдың 15…