Басты бет Ата Заң Коалиция өкілдері Отбасын қолдау орталығы ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Отбасын қолдау орталығы ұжымымен кездесті

0
36

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері отбасын қолдау орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Нұрсұлтан Болатұлы.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін аудан жастарының қатысуымен «Азаматтықты тәрбиелеу: Жаңа Конституция жастардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенді ұстанымын қалыптастыруға қалай ықпал етеді?» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы өзгерістер кеңінен тал…