Басты бет Референдум АДАМ – КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ӨЗЕГІ

АДАМ – КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ӨЗЕГІ

0
30

Алдағы референдум ел өміріндегі маңызды белес болмақ.

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі тек құқықтық өзгеріс ретінде емес, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын стратегиялық қадам ретінде қарастырылады. Бұл – қоғамдағы әділет, заң үстемдігі және адам құқығын қорғау қағидаттарын күшейтуге бағытталған кезең.

Жаңартылған Негізгі заңның басты ерекшелігі – адамға бағдарлану. Мемлекет қызметінің өзегіне азаматтың құқығы, бостандығы мен қауіпсіздігі қойылады. Яғни реформалардың мақсаты – абстрактілі жүйені емес, нақты адамның өмір сапасын жақсарту. Бұл қағидат мемлекеттік саясаттың мазмұнын айқындайтын негізгі өлшемге айналады.

Жаңа Конституцияда заң үстемдігі қағидаты ерекше мәнге ие. Азаматтардың заң алдында теңдігі, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік, парламенттік бақылаудың кеңеюі мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады.

Өзгерістердің маңызды бағыты – азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдауға қатысуын кеңейту. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша азаматтық жауапкершілік мәдениеті қалыптасады.

Конституцияның әлеуметтік мазмұны да кеңейтіледі.

Мемлекет отбасы мен балалықты қорғау, әлеуметтік қолдау, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамыту жөніндегі міндеттемелерін нақтылайды. Бұл тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік әділет қағидаттарын бекітуге бағытталған.

Экологиялық жауапкершілік мәселесі де Негізгі заң деңгейінде көрініс табады. Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығының бекітілуі табиғатты сақтау мен ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесін мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналдырады.

Жаңа Конституция тарихи сабақтастықты айқындауды да көздейді. Қазақстан мемлекеттілігі көне дәуірден бастау алатын саяси және мәдени тәжірибенің жалғасы ретінде қарастырылады. Бұл қазіргі мемлекеттің тарихи негізін күшейтіп, ұлттық бірегейлікті нығайтады.

Осылайша референдум – құқықтық реформаның ғана емес, қоғамдық келісімнің көрінісі. Жаңа Конституция азаматтың құқығын қорғауды күшейтіп, саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Референдумға қатысу – елдің болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысу деген сөз. Әр азаматтың таңдауы маңызды. Бүгінгі белсенділік  ертеңгі мемлекеттің сапасына әсер етеді. Күшті мемлекет  – құқығы қорғалған азаматтан басталады. Ал құқық қорғалған қоғам – тұрақты дамудың негізі.

Баян МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ТӘРҒИБАТ ИШЛИРИ ДАВАМЛАШМАҚТА

Дөләт рәһбири елимизниң йеңи Конституцияси бойичә җумһурийәтлик референдум өткүзүш тоғрили…