Басты бет Ата Заң Кіші Дихан ауылдық округінің тұрғындарымен «Жаңа Конституция жобасы – болашақтың шынайы келбеті» тақырыбында кездесу өтті

Кіші Дихан ауылдық округінің тұрғындарымен «Жаңа Конституция жобасы – болашақтың шынайы келбеті» тақырыбында кездесу өтті

0
37

Іс-шара барысында жаңа редакциядағы Конституция жобасының негізгі бағыттары, ел дамуына әкелетін өзгерістер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңызы, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы рөлі мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен жиын еркін пікір алмасуға ұласып, халықтың конституциялық өзгерістерге деген қызығушылығын арттырды. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, конституциялық реформаның мазмұны мен маңызын түсіндіру, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту болып табылады. Алдағы уақытта да ауылдық округтерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Коалиция мүшелері А.Розыбакиев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшел…