Қырандай қырағы екен қара көзің,
Ешкімге ұқсамаған Дарабозым!
Талайды талантыңмен тамсанттың ау,
Тағдырың аз берсе де саған өмір!
Өлмейді ешқашанда қара өлеңің,
Бәрінде реттейді ғажап өмір!
Есенин, Лермонтовта, Пушкинде емес,
Не деген өзің мықты Қазақ едің?!
Ойларың тауларыңдай биік неткен,
Көңіліңде тұрады күліп көктем.
Өзіңдей ақындарда арман бар ма?!
Өлеңін халқына сүйікті еткен.
Шырқалғанда Сарыжайлау, Фариза қыз,
Өзіңді, Қарасазды сағынамыз.
Көктем өтсе, жаз өтсе, тағы да күз,
Шыр айналған уақытқа бағынамыз.
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Жайырбек ТАЙЛАҚБАЕВ
