Басты бет Әр қилы ЖАҢА ЖЫЛ БЕРЕКЕСІМЕН КЕЛСІН!

ЖАҢА ЖЫЛ БЕРЕКЕСІМЕН КЕЛСІН!

0
111

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)

Мінеки тағы бір жылымыз тарих қойнауына еніп барады. Жаман жыл болды деп айта алмаймын. Мерекелі, берекелі болды. Айтулы күндерге толы болды. Әлеуметтік-экономикалық, мәдениет пен руханият жағынан да толайым табыстарға қол жеткіздік. Ең үлкен дүние – ауданның 90 жылдық торқалы тойын есте қаларлықтай етіп өткізгеніміз. Ауылшаруашылығында, құрылыс пен жолда, кәсіпкерлік пен өндірісте те жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Жалпы 2025 жыл ауданымыз үшін жемісті болды. Өткен жылға өкпеміз жоқ, алдағы жылдан үмітіміз көп. Алдымызға қойған жоспарларымыз қомақты. Соның үдесінен шығу үшін бүгіннен бастап дайындық жұмыстары басталып кетті.

Алаш мойындаған ақынымыз Бақыт Беделханның 50 жылдығы, Құрметі мен абыройы асқақтаған актеріміз Бекжан Тұрыстың 60 жылдығы, өңіріміз абрикосты алқап болғандықтан алғаш рет «Абрикос фест» фестивалін жоғары деңгейде өткіздік. Бұл енді ауқымды, көлемді, облыстық, республикалық деңгейдегі шаралар деуге болады. Одан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа салынған ғимаратының ашылуы, республикалық, облыстық, аудандық жолдардың жөндеуден өтуі тұрғындар үшін жасалған маңызды жұмыстар. Сондықтан өтіп бара жатқан жыл бәрімізге есте қаларлықтай табысты болғандығын, көңілге қуаныш сыйлағанын жасыра алмаймын. Айтулы шаралардың барлығы да сіздермен бірлесе отырып атқарған жұмыстардың жемісі. Бізде татулық, бірлік, ынтымақ деген жақсы қасиеттер қанымызға қалыптасқандықтан ауқымды дүниелер өз деңгейінде жүзеге асты. Ауданда тұратын қазақ пен ұйғырдың бірлігі туралы жақсы әңгімелер айтуға болады. Кез келген нәрсені ақылдаса, бірлесе отырып, салт-дәстүрлерді сақтай отырып атқарып келеміз. Ауданымыздың бүгінгіден де өркендей түсу жолында еңбегіміз табысты болғай деп тілеймін. Жаңа жылқы жылы берекесімен келсін. Қасиетті жануар саналатын жылқының бойындағы тазалық, тектілікті мен жерлестеріме тілеймін.

Барша аудан халқын келе жатқан Жаңа жылмен кіршіксіз көңіліммен, ыстық ықыласыммен құттықтаймын. Жыл басы жақсылыққа толы басталсын. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, өзіне есеп беріп, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда әр отбасына құт-береке, амандық, қызметте өрлеу тілеймін. Адамға ең алдымен керегі – денсаулық. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл-күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл бәрімізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша жерлестеріме бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.  Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

НА СТРАЖЕ СПОКОЙСТВИЯ

В системе органов внутренних дел работа участкового инспектора считается одной из самых от…