Басты бет Басты ақпарат ЖАНСЕРІГІМЕ АЙНАЛҒАН БАСЫЛЫМ

ЖАНСЕРІГІМЕ АЙНАЛҒАН БАСЫЛЫМ

0
35

Аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газеті мен үшін орны бөлек басылым. Өйткені менің жұмысым газетпен тығыз байланысты. Қоғамдық ұйым болғандықтан әрбір атқарған жұмысымның, жеткен табысымның көрінісі осы газет арқылы көпшілікке тарап отырады. Біздің аға буын кітап оқып, газет-журналмен сусындап өскендіктен оны өз өмірімізден бөліп-жарып қарай алмаймыз.

Кейде көзіміз жетпей жатады, сонда да ең алдымен аудандық газетті парақтаймын. Ауданның жаңалықтарымен танысамын. Соңғы кезде орыс тілінде де мақалалар шығатын болып жүр. Аудандағы жылт еткен хабарларды үш тілде оқи беремін. Алдағы жылға оқырман болдым.  «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адам кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген ғибаратты сөзді газетке байланыстырып айтар болсақ, түсінген адамға, басылымның оқырман үшін берері мол, айтары көп. Ең бастысы – қанша жерден әлеуметтік желі арқылы жылдам ақпарат таратылғанымен, газеттің қоғам өміріндегі маңызы, адамның зердесін, дүниетанымын қалыптастырудағы орны айрықша.

Аға буын әлеуметтік желіден гөрі баспасөзді жүрегімізге жақын тұтамыз. Өйткені ол – тарих. Бір кездері өзім туралы жазылған мақалалар менде сақтаулы. Оларды жинап, реттеп жүремін. Кәсіподақтың жұмысы жайлы да дүниелер жинаулы. Газеттің осындай ұтымды тұсы өте тиімді. Интернет деген де жақсы ғой. Бірақ оны жадыңда сақтап жүре алмайсың. Бүгінгі ақпарат ертең өшіп кетеді. Сондықтан барша таныстарымды аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетіне жазылуға шақырамын. Оқырманына нақты дерек көзінен алып беретін, шынайы, тексерілген ақпаратты ғана жариялап келе жатқан газетке қолдау көрсету азаматтық парызым деп түсінемін. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Сауаттылыққа, дұрыс ақпарат алуға тәрбиелейтін те газет деп түсінемін. Интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ дегенді де естиміз. Бірақ, газет көтерген мәселенің шешілмей қалған күні жоқ. Кейде жақсы дүние шығыпты деген нөмірлерін іздейміз.

Газет бетінде жарияланған әр қызықты мақалаға тақырып ұсынатын халықтың өзі. Халықтың тағдырына бей-жай қарамаған газет арқылы айтулы мәселелер көтерілді, өңір өмірі – осы газеттердің беттерінде. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туып тұрғаны да өтірік емес. Дәл бүгінгі таңда  сенімді, әрі шынайы ақпарат алғысы келген, елінің ғана емес, өзінің де тағдырына бей-жай қарай алмаған кез келген азаматтың газетке жазылудан қалыс қалмасы анық деп ойлаймын.

Кәрібай ҚОЖАҒҰЛ,

зейнеткер

 ***

Заңды тұлғалар үшін индекс – 16056, жылдық бағасы – 7000 теңге, жарты жылға – 3500 теңге.

Жеке тұлғалар үшін индекс – 66056,  жылдық бағасы – 6300 теңге, жарты жылға – 3150 теңге.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ГЕЗИТ – ӨЙНИҢ БӘРИКИТИ!

         Француз императори, реформатор, тарихтики әң атақлиқ қолбашчиларниң бири Наполен …