Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жастардың жобасына ақ жол тілеп, жетісулықтар «WELCOME to ZHETYSU» фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл туынды Жетісу өңірінің көрнекті жерлерін кино тілімен насихаттайтын ерекше жоба болмақ. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәлихатында белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кино желісі өте қызықты, түрлі шытырманға толы, әзілмен әрленген. Жетісу өлкесінің тамаша жерлері де осы туындының ішінде көрсетіледі. Сценарий авторы Жұмабек Әділеттің айтуынша, кино қазақ тілінде түсіріледі, аталмыш туындыдағы негізгі рөлдерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ең үздік түлектері ойнамақ.
Фильмнің қысқаша мазмұны: жаңа танысып қосылған жолдастар Жетісу жерінен әсерлі бейнеролик түсіруді көздейді. Мақсаттарына жету жолында түрлі кедергілерге тап болғанына қарамастан, барлық қиындықты еңсеріп шығады.
«Елбасымыз айтқан рухани жаңғыру ең алдымен жастардың өз өлкесін танудан басталады. Сондықтан жетісулық жастар туған жердің топырағын насихаттауды кино тілімен жеткізуге талпыныс жасап отыр. Бұл орайда облысымыздағы қолға алынып отырған алғашқы тың жобаның маңызы зор деп есептеймін. Оны жүзеге асыру үшін біздің жастарда күш-жігер де, қуатты рух та, патриотизм де жеткілікті. Сондықтан тың жоба өзінің нәтижесін беретініне сенімдіміз», — деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Жалпы, кино түсіруге 13,8 млн. теңге бөлінген. Фильмнің ұзақтығы 90 минут болады деп межеленуде. Актерлер құрамында Ерболат Құдайберген, Рамис Кулаxметов, Рүстем Омаров, Мейірхан Шерниязов, Салтанат Құдайберген, Елдар Ташкенбай, Олжас Қасым, Райымбек Бекет бар. Фильм шамамен қараша айында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
УНИҢ ҺАЯТИ ӘМГӘК БИЛӘН ЖУҒИРИЛҒАН
Кеңәш дәвридики өтмүшни әскә алидиған болсақ, түрлүк иш қойнида әмгәк әткән инсанларниң қи…