Басты бет Әр қилы Республикалық «Береке Fest» акциясы

Республикалық «Береке Fest» акциясы

0
327

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Үкімет отырысында берілген, бағаны тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі республикалық «Береке Fest» акциясын бастады.

Осыған байланысты өңірлік деңгейде «Береке Fest» акциясы аясында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы  сауда желілерімен және бөлшек сауда субъектілерімен бағаның өсуін ұстап тұру және төмендету туралы меморандумдар жасасты.

«Береке Fest» акциясы осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап
30 қазанына
дейін бүкіл ел аумағында өткізіледі.

Сонымен қатар, Республика күнін мерекелеуге арналған Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес  іс-шаралар жоспары бойынша барлық өңірлерде сауда үйлерінде «Republic Day sale» атауымен мерекелік сатылымдар, 10-20% жеңілдіктер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркітілдес мемлекеттер ұйымының Түркістан қ. өтетін бейресми саммитін өткізу барысында бірінші рет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Tesla Cybertruck базасындағы командалық-штабтық машинасы (КШМ) қолданылады.

Бұл КШМ әзірленбеген аудан/аймақтарда бөлімшелерді басқару, байланыс және іс-әрекеттерді ү…