Басты бет Спорт ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ДОДАҒА ТҮСТІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ДОДАҒА ТҮСТІ

0
219

Жазғы демалыс айлары мектеп мұғалімдерінің әртүрлі жарыстарына толы болатыны рас. Жыл бойы оқушыларды біліммен сусындатып, ендігі жерде дене қимылы мен сергектік таныту үшін шынығу аса қажет. Осындай жағдайларды ескере отырып Алматы облысы оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Есік қаласында мұғалімдер арасында спартакиада өтті. Оған сегіз ауданнан командалар қатысты. Волейбол, мини-футбол, тоғызқұмалақ, бес тас, асық ату сияқты спорттың түрлерінен додаға түсті. Дайындығымыз асығыстау болғандықтан ба волейбол мен минифутболдан жүлделі орынға жете алмай қалдық. Дегенмен тоғызқұмалақтан командалық есепте үшінші орынға табан тіредік. Заманбек Батталханов атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мадияр Абдрасилов, Шошанай орта мектебінің мұғалімі А.Қатаев, Добын орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лаура Шолақовалар жүлделі үшінші орынды иеленді. Облыстық кәсіподақ ұйымы белсенділік танытқан командалардың барлығына ынталандыру сыйлығын табыс етіп, алғыс хаттарын ұсынды. Түн жарымына дейін созылған жарыстан қатысушылар қанаттанып қайтты. Кәсіподақтың ұйымдастырған шарасы болғандықтан жолақысы мен екі мезгіл тамақтың ақысын аталмыш ұйым төледі. Барған мұғалімдер риза болып қайтты. Жүлдегер командалардың жеңісіне құтты болсын айттық. Бір сәт спортшы әріптестер мәре-сәре күйге түсіп, марқайысып, жазғы демалыстың алдында көңіл-күйлерін көтерді. Алдағы жылы бас бәйге үшін додаға түсеміз деген үлкен үмітпен оралдық.

Кәрібай ҚОЖАҒҰЛ,

Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Ұйғыр аудандық филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы

 

 

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

На Капчагайском водохранилище пройдёт крупнейший в ЦА заплыв OCEANMAN-2025: более 2 тысяч участников из 18 стран

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 — круп…