Аттестат алу – әр оқушының өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең. Бұл — жылдар бойы алған білім мен еңбектің қорытындысы, жаңа өмірге жасалатын маңызды қадам. Сол себепті бұл сәттің тыныш, қауіпсіз әрі мәдениетті түрде өтуі баршамыз үшін аса маңызды.
Осыған орай, аттестат тапсыру рәсіміне байланысты келесі ережелерді сақтау қажет екенін еске саламыз:
Аттестат тапсыру – бұл ресми шара.
Сол себепті төмендегі әрекеттерге қатаң тыйым салынады:
🚗 Көлікпен кортеж (шеру) ұйымдастыруға;
🎶 Қатты музыка қойып, көшеде тойлауға;
🎉 Мейрамхана, кафелерде, демалыс орындарында жаппай бас қосуға;
🚫 Қала ішінде немесе тұрғын аудандарда қозғалысты қиындататын іс-әрекеттерге баруға болмайды.
⚠ Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыздар:
⛔ Тау, өзен-көл секілді қауіпті жерлерге бармаңыздар;
🔞 Әлеуметтік желілердегі қауіпті, өмірге қатер төндіретін челлендждерге қатыспаңыздар;
🏠 Рәсім аяқталған соң үйге бірден оралу ұсынылады.
‼️ Құрметті ата-аналар!
Осы маңызды күнде балаларыңыздың тәртібіне мұқият назар аударып, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
1 / 29⛶ Құтқарушылар өрт сөндіруге және іздестіру-құтқару жұмыстарына аттанып жатқанда, …
