Басты бет Тағзым Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы облыстық мәслихат депутаттары ардагерге құрмет көрсетті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы облыстық мәслихат депутаттары ардагерге құрмет көрсетті

0
234

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын еліміз ерекше құрметпен атап өтуде. Осы айтулы мереке аясында Алматы облыстық мәслихатының депутаттары Ұйғыр ауданына арнайы келіп, соғыс ардагері Кебиров Алым атаның шаңырағына барып, ардагерге зор алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

Қан майданда ерлік көрсетіп, Отан үшін от кешкен ардагерімізге арнайы сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды. Мәслихат депутаттары ардагерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, еліміздің бейбіт өміріне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді.

Іс-шара барысында ардагердің отбасы мүшелері де жылы ықыластарын жеткізіп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді. Алым ата өз кезегінде елдің тыныштығы мен ұрпақ амандығына тілектестігін айтып, еліміздің бірлігі мен бейбітшілігі баянды болсын деген батасын берді.

Бұл — тек бір отбасыға көрсетілген құрмет емес, бұл — батыр бабаларымыздың ерлігіне деген мәңгілік тағзымның белгісі. Облыстық мәслихаттың мұндай бастамалары жастарға патриоттық тәрбие беріп, елін сүйетін азаматтарды қалыптастыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТЫҚҚА ҰЛАСҚАН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Қарт адамды қазынаға балап, үлкеннің алғысын алуға асығып, кез келген істі ақсақалдың ақ б…