Басты бет Көкжиек IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

0
990

 IQanat Олимпиадасының І туры бүкіл Қазақстан бойынша – еліміздің 170 ауданында бастау алды! Интеллектуалдық сайысқа ауылдық елді мекендерде тұратын 56 мың сегізінші сынып оқушысы қатысады.Оның ішіндеАлматы облысының барлық аудандарынан6522 қатысушыны қамтиды.

IQanat Олимпиадасының ерекшелігі – академиялық жетістіктері мен мектептегі бағаларына қарамастан, әрбір баланың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Дәстүрлі тестілеулерден айырмашылығы – IQanat тапсырмалары оқушының логикалық және математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеруі сынды қабілеттерін бағалауға бағытталған.

Бірінші турда жеңімпаз атанған 10 мыңға жуық бала екінші – облыстық турға өтіп, оның аясында тест тапсырудан бөлек, IQanat жобасының үш күндік дайындық шарасы – қарқынды білім беру және ынталандыру тренингтеріне қатысады.

Екінші турда финалға өтетін 1000-ға жуық бала айқындалады. Финалистердің бір бөлігі БурабайдағыIQanat мектеп-пансионатына оқуға қабылданып, олардың жатын орны, тамағы, формасы мен оқу материалдарына қажетті шығындары түгел өтеледі. Финалистердің екінші бөлігі IQanat олимпиадасынан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына тегін қабылданып, оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, IT дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді. Бұл ретте балалардың жетістіктері оқу барысында да, одан түлеп ұшқаннан кейін де бақылауда болады.

2017 жылы іргесі қаланған уақыттан бері Олимпиада 240 мыңнан астам ауыл баласын қамтыды. Жыл сайын жобаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдіктері қолдау көрсетеді.

IQanat– қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік білім беру жобасы, ол ауыл балаларына кең мүмкіндіктер ұсынып, олардың өмірін түбегейлі өзгертеді. Қордың қызметі туралы толық ақпаратты iqanat.kz сайтынан және @iqanat.kzInstagram парақшасынан алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕР – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

«Жер елшілері» креативті жастардың бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы соңғы кезде жаң…