“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Қалжат ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды, арық-атыздар тазаланып, айнала көркейтілді. Табиғатты аялау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру мақсатында өткен шараға әр мекеме қызметкерлері, еріктілер және ауыл жастары бір кісідей жұмылды.