Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шарын ұлттық паркінің аумағындағы Шарын шатқалында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасының аясында туристік аймақтарды қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына Шарын ұлттық паркінің ұжымы, орманшылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен волонтерлар және белсенді жастар атсалысты. Әлемде теңдесі жоқ, миллиондаған жылдық тарихы бар табиғат ескерткішін бүлінбеген таза әрі қаз қалпында өскелең ұрпаққа табыс ету …
Таза Қазақстан Шарын ұлттық паркінің аумағында жүзеге асырылды.