Кездесу барысында еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланды. Жаңа бастамалардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам қалыптастыру және әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екені атап өтілді. Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салып, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Бірлігіміз нығайып, ел болашағы жарқын болсын!