Жүрегінің түбінде шошайып отырған күдік Қатираны жынды қылды. Жанына мұң қаптырған бұл істің емі жоқ, оны сілкіп тастайтын дәрмен тағы да жоқ. Ішіндегі уілдеген желден қымтана алмай дел-сал. Емші, көріпкел десе-ақ сайтаны ұстаушы еді, сол жолы сол бір әйелге үйірілді де қалды. Өзі тартымды, сөзі салмақты. – Адал, ақ көңіл, сенгіш екенсіз, – деді құмалақтарын шашып жіберіп. Жағымды сөзді кім …