Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және қызметшілер әдебі жөнінде ауыл әкімдерінің, аудандық бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиынның тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетов жалпы мемлекеттік қызметкерлердің этикасы, әдебі және қызметтері жөнінде сөз қозғап, заң жүзінде түсінік берді. Сонан соң алғашқы сөз кезегін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы …