2018 жылғы 20 қыркүйек Астана қ. «Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін «Краудсорсинг» жобасын іске қосты. Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлі проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистерді …