Шонжы ауылының тұрғындарына халықтық штаб мүшелері еліміздегі энергетикалық мәселелер, оның ішінде АЭС (атом электр станциясы) салудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараға аудандық орталық аурухана қызметкерлері қатысты. Штаб мүшелері АЭС-тің экономикалық тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі, және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерді мысалға келтірді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін алға тартты.
Сондай-ақ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Садықанұлы алдағы референдумға ерекше тоқталып, ауыл тұрғындарын осы маңызды саяси оқиғаға белсенді қатысуға шақырды. Референдумда қабылданатын шешімдер еліміздің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті, сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды екенін баса айтты.
Бұл кездесу ауыл тұрғындарына АЭС тақырыбындағы түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы оларды болашақ энергетикалық таңдаулар туралы ақпараттандыруды мақсат етті.