Басты бет Өңір тынысы Баға тұрақтылығы бақылауда

Баға тұрақтылығы бақылауда

0
439

Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі қымбатшылықтың белең алуы. Күнделікті тұтынатын азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті заттардың, жанар-жағармайдың күн санап қымбаттауы халықтың наразылығын тудырып, жыл басында батыстағы ағайынның бейбіт шеруге шығуына себепкер болғандығын жақсы білеміз. Оның арты қайғылы қаңтар оқиғасына ұласып кеткендігін де ұмыту мүмкін емес.  Халықтың бас көтеруіне себеп болып, арам пиғылды бас бұзарлар мен лаңкестердің елде ойран салуына мүмкіндік туғызған дәл осы қымбатшылық мәселесін қатаң қадағалау осыдан кейін мықтап қолға алынды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы тарапынан түскен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің баға тұрақтылығына мониторинг жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес партияның Ұйғыр аудандық филиалы  жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясы мүшелері және партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бастаған топ аудан орталығындағы халық көп жиналатын азық-түлік дүкендеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. 19 атаумен көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тізімі әр өңірдің жол алыстығына, өндірістік қабілеттілігіне қарай және басқа да мүмкіндіктерін бағамдай отырып, ең шекті баға бекітілген. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінен алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының тізіміне сәйкес ауданға белгіленген ең шекті бағадан артық қымбаттап тұрған азық-түліктер аракідік кездесіп жатты. Оның қымбат сатылуының себебін сұрағанымызда аталмыш тауарлардың жеткізілу бағасы сәйкесінше қымбат бағамен келетіндігіне  көзімізді жеткізді. Аудандағы ең ірі азық-түлік дүкендері тауарды әкелінген бағаға 10 пайыз ғана қосып сататындығын дәлелді түрде көрсетіп берді.

Осы орайда қант, картоп, ұнның 1 келіге шаққандағы бағасы  шекті бағадан қымбат сатылып жатқандығы анықталды. Алайда осы себеппен аудан тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқан жергілікті сауда дүкендерін кінәлауға негіз жоқ.  Аудандар мен шалғай өңірлерге азық-түлік жеткізетін жеке кәсіпкерлер мен оның саудаланатын қоймаларынан, бір сөзбен айтқанда кінаратты сауда саттықтың бастауынан, ең басынан іздеген абзал. Біз айтып отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер шалғай аудандарға жетем дегенше бірнеше делдалдың қолынан өтіп, бағасы бірнеше рет түрленіп, қолжетімді бағамен жөнелтілген дүние елге еселенген бағамен келіп жатқандығы жасырын емес. Жергілікті және өңірлік билік, нақты кәсіпкерлікке жауапты мекемелер мен тиісті лауазымды тұлғалар осы арадағы делдалдардың шынжырын қысқартудың амалын іздеп, олардың екі ортада үстемелеп қосатын бағаларына бақылау жасауды нақты қолға алса, өндіріс орнынан он теңгемен шыққан шәй-тұз ауылдағы ағайынға мың теңгеге сатылмасына жаслаған бір қайран болатын еді. Біздің жергілікті дүкеншілер отбасыларының нәпәқасы үшін 10 пайыздан артық баға қоспайтындықтарын айтып та, көрсетіп те шырылдады. Әрине жеке бастың қамын ғана ойламай, елдің де жағдайына қарау азаматтықтың бір белгісі. Қиын-қыстау кезеңдерде құлқынның құлы болып кетпей, елім деп еңбек ету берекетті істің де бастауы болмағы анық. Аудан кәсіпкерлерінің құлағына алтын сырға, бұдан былай да бағаның тұрақтылығы жиі бақыланып, қатаң қадағалауда болатындығы ескертіледі.

Ақжол Ташкенов  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…