Басты бет Денсаулық ӨҢІРДЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ — ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

ӨҢІРДЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ — ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

0
1,693

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған барлық азаматқа бейінді маманның жоспарлы кеңесі мен тиісті көрсеткіштер болған жағдайда республикалық медициналық орталықтардағы диагностикалық тексерулер қолжетімді.

Жолдаманы пациент тіркелген медициналық ұйымның жанынан құрылған арнайы аймақтық комиссия береді. Жолдаманы беру немесе көрсеткіштер болмаған жағдайда, бермеу туралы шешім жұмыстың бірнеше

күн ішінде қабылданады.

ЖОЛДАМА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?

күрделі немесе түсініксіз жағдайларды, оның ішінде сирек кездесетін орфандық ауруларды верификациялау үшін диагностикалау қажет болған кезде;

ем жүргізу тактикасы мен емдеу әдістерін айқындау үшін, сондай-ақ еңбекке жарамсыздықты сараптамалық бағалау үшін;

қажет болған жағдайда шетелге емделуге жіберу үшін көрсетілімдердің болуын анықтау;

аурудың ауыр ағымында немесе жиі қайталану және декомпенсация жағдайларында емдеу тактикасын анықтау үшін;

бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде жүргізілетін емдеу іс-шаралары тиімсіз болған жағдайда диагностикалау және емдеу қажет болған кезде.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді

Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін ақжолтай хабар. Биылдан бастап МӘМС жарналары жергілікті…