Басты бет Әлеумет ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАП КЕТТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАП КЕТТІ

0
1,578

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері Астананың келер жылғы мерейтойы қарсаңында флешмоб ұйымдастырды.  Оған 100-ге жуық  студент қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Еңселі Елордам – рухани кең ортам» акциясы осы 20 жылдыққа орай 20 іс-шараны қамтып отыр. Олар концерттер, интеллектуалды және спорттық жарыстар, жас ақындар мүшәйрәсі, дөңгелек үстелдер және тағы басқа шаралар.

Аталмыш акцияның мақсаты жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту, патриоттық сезімдерін ояту, беделі биік Елордамыздың үстемін арттыру.

«Осы 20 жылдың көлемінде біздің Астанамыз мәдени, рухани, ғылыми, саяси экономикалық мегаполиске айналып үлгерді. Жастарымыздың осы құндылықтарды білсін, көрсін, насхаттасын деген ниетте ұйымдастырылып отыр.  Бүгінгі өтіп жатқан флешмоб барлық өтетін шаралардың бастамасы болып келеді. Осы желтоқсан айына жоспарланған іс-шараларымыз ары-қарай жалғасын таба бермек», — деді ЖМУ-дың Инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры  Төлеген Мұхтар.

Айта кетейік, жастардың тарапынан ұсынылған флешмоб соңы әсем әнге ұласты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…