Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Алматытелеком» ӨТД Бас директоры Раздықов Шерхан баяндады.
«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясы, «Қазақтелеком» АҚ-ның ең ірі филиалы болып табылады. «Алматытелеком» ӨТД, жергілікті және халықаралық телефония, iD Net және Megaline брендімен Интернет желісіне кеңжолақты қатынау, iD TV интерактивті телевидение, сымсыз интернет қызметтерін ұсынады.
Есептік мерзімнің қорытындасы бойынша 2017 жылы Алматы облысындағы Интернет қызметін пайдаланушылар 166,4 мың тұтынушыны құрады, оның 30,5 мың абоненті ID NET қызметін пайдаланса, ID TV қызметін пайдаланатындардың саны 41,8 мыңнан 80,3 мың адамды құрап отыр. Бүгінде тіркелген телефония қызметіне қосылғандар саны 293 мың абонентке жетті.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ өз абоненттеріне антивирус, ата-ана бақылауы, Кейінге қалдырып көру, iD TV Online, HD арналары мен басқа да жаңа қызмет түрлерін ұсынады. Бұл қызметтерді Алматы облысының 178,2 мыңнан астам тұрғыны пайдалануда. Тұрғындар арасында әсіресе «iD Home Vip» топтамалық шешім қызметі үлкен сұранысқа ие, оның құрамына тиімді бағамен 11 қызмет түрі кіреді.
«Телекоммуникация қызметтерін дамыту жұмыстары Алматы облысының барлық аудандарында жүргізілуде, мұнда телекоммуникация қызметтерінің толық спектірін ұсыну арқылы кеңейтілген сервис желісі жүзеге асырылып жатыр. Қызметті дамытуға филиалдың барлық қызметкерлері мен делдалдық желісі жұмысқа тартылған. Сонымен қатар, филиалдағы абоненттер үшін әртүрлі жергілікті және орталықтандырылған акциялар өткізіліп, олар қатысушыларға компаниядан бағалы сыйлықтар ұтып алуға мол мүмкіндіктер береді», — деді Ш. Раздықов.
Айта кетейік, ағымдағы жылы онлайн режимінде мұрағатты сақтау ерекшелігі бар «Бұлтты бейнебақылау» жаңа қызметі де енгізілді.
http://ognialatau.kz/news/cat-14/1156/