Менің ойымша, Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тұрақтылығы мен болашағын айқындайтын ең маңызды құжат. Жаңа Конституция халықтың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғауға, әділетті қоғам құруға мүмкіндік береді деп сенемін. Әр азаматтың пікірі ескеріліп, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылдануы – демократияның айқын көрінісі.
Сонымен қатар, Конституциядағы жаңашылдықтар мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіріп, заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Бұл – еліміздің тұрақты дамуына, жастардың болашағына және қоғамдағы сенімнің артуына негіз болады.
Бірлік пен жауапкершілік бар жерде мемлекет те дамиды. Сондықтан жаңа Конституция – еліміздің жаңаруына, өркендеуіне бастайтын маңызды қадам деп ойлаймын.
Құсайынов Асқар, “Қоғамдық келісім даму орталығы” КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы
