Аудандық мәслихат депутаты М. Мусаев Шарын ауылындағы Д. Қонаев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдерімен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қалай қамтамасыз етіледі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту және әр азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылды. Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі Заңы әрі мемлекеттің құқықтық іргетасы. Әрбір азамат оны ел өміріндегі аса маңызды құжат ретінде қабылдауы тиіс. Өйткені Конституция ең алдымен адамның құқықтары мен бостандықтарын айқындайды, оларды қорғаудың кепілдіктерін белгілейді және қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың негізін қалайды.
Жаңа Конституция адам құқықтарының іргелі кепілдіктерін күшейтіп, азаматтардың пікірін ескеруге, қоғамдық қатысуын арттыруға және құқықтық қорғанысын нығайтуға жол ашады. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне қызмет етеді.
