Басты бет Заң және қоғам БҰЛ – ЕРЛІК ЕМЕС

БҰЛ – ЕРЛІК ЕМЕС

0
377

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасында шетелдегі қарулы қақтығыстарға және жалдамалылыққа азаматтардың қатысуына қатаң тыйым салынған.

Заң талаптары нақты әрі бірмәнді: бөтен елдердің соғыстарына қатысу, одан пайда табуға немесе жеке идеяларын іске асыруға ұмтылу — ауыр қылмыс болып табылады және ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жалдамалылық тек қана ақылы түрде ұрыс қимылдарына тікелей қатысумен шектелмейді. Ол сондай-ақ жалдамалыларды жалдау, оқыту, қаржыландыру немесе материалдық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды басқа мемлекеттерде билікті құлату немесе конституциялық құрылысты бұзу мақсатында пайдалану әрекеттерін де қамтиды.

Аталған әрекеттер үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер мұндай қылмыстар қызметтік жағдайын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалса, жаза мерзімі 17 жылға дейін ұлғаяды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мәселесі де қарастырылуы мүмкін.

Жалдамалының ұрыс қимылдарына тікелей қатысуы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал бұл әрекеттер адам өліміне немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соқса — жаза 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ мүлкін тәркілеуге дейін күшейтіледі.

Бұдан бөлек, қылмыстық заңнамада жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда да, Қазақстан азаматтарының шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Аталған қатаң шаралар ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты.

Бөтен елдердің соғыстарына қатысу — бұл ерлік те, батырлық та емес. Керісінше, мұндай әрекеттер азаматтың өзінің, оның жақындарының және бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Мұндай жолға түскен адамдар көбіне радикалды көзқарастармен оралып, өзге азаматтарды да заңсыз әрекеттерге тартуы мүмкін және ел үшін қауіп көзіне айналады.

Мемлекет тек заңды халықаралық миссияларды — бітімгерлік, гуманитарлық және дипломатиялық қызметтерді қолдайды.

Әрбір азамат мынаны айқын түсінуі қажет: шетелдегі соғыстарға қатысу мен жалдамалылық — бұл жеңіл жолмен табыс табу да, ерлік те емес, бұл — аса ауыр қылмыс. Мұндай әрекеттер үшін заң алдында толық жауапкершілікке тартылатыныңыз анық.

Ә. Асқарбекұлы

Ұйғыр ауданы прокуратурасының

аға прокуроры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПРОФИЛАКТИКА КОРРУПЦИИ – НАША ОБЩАЯ ЗАДАЧА!

Ежегодно 9 декабря мировое сообщество отмечает Международный  день борьбы с коррупцией, уч…