Антибиотиктер – бұл бактерияларды өлтіретін немесе олардың көбеюіне кедергі келтіретін заттар. Олар бактериялық инфекцияларды емдеуге қолданылады, бірақ вирустарға әсер етпейді. Мысалы: егер сізде тұмау немесе ЖРВИ болса, антибиотиктер көмектеспейді, өйткені бұл вирустық аурулар. Бірақ егер вирустық инфекцияға бактериялық инфекция (мысалы, пневмония) қосылса, дәрігер антибиотик тағайындай алады.
Антибиотиктер қалай жұмыс істейді?
Антибиотиктер әртүрлі әрекет етеді:
- Бактериялардың қабырғаларын бұзады – бактерия қорғанысын жоғалтып, өледі.
- Бактерия ішіндегі ақуыз синтезін бұғаулайды – олар өсуді және көбеюді тоқтатады.
- Бактериялардың ДНҚ қызметін бұзады, олар өміршең болмайды.
Көп адамдар антибиотиктер барлық ауруға көмектеседі деп ойлайды, бірақ бұл қауіпті қате пікір.
Негізгі қауіптер:
- Антибиотиктерге төзімділіктің дамуы — бактериялар дәріге үйреніп, оған әсер етпейді. Бұл жаһандық проблема, себебі «супербактериялар» пайда болады, оларды кәдімгі антибиотиктер емдей алмайды.
- Пайдалы микрофлораның жойылуы — антибиотиктер зиянды бактерияларды ғана емес, организмге қажет бактерияларды (мысалы, ішекте) де өлтіреді. Бұл ас қорыту, иммунитет және саңырауқұлақ инфекцияларына әкелуі мүмкін.
- Жанама әсерлер — жүрек айну, аллергия, бауыр мен бүйрек жұмысының бұзылуы, тері бөртпелері және тағы басқа.
Антибиотиктерді қалай дұрыс қабылдау керек?
Антибиотиктер шынымен көмектесіп, асқынуларды тудырмауы үшін бірнеше ережені сақтау маңызды:
- Тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау! Өзін-өзі емдеу қауіпті!
- Толық емдеу курсын өту. 2-3 күннен кейін жақсарса да, антибиотикті қабылдауды тоқтатуға болмайды – әйтпесе бактериялар тіріліп, төзімді болады.
- Бір уақытта қабылдау. Бұл қан құрамында дәрінің тұрақты концентрациясын ұстап, оны тиімді етеді.
- Сүтпен, алкоголмен, шырындармен араластырмай ішу. Бұл сұйықтықтар дәрінің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Таза суды қолдану ұсынылады.
- Пробиотиктермен бірге қабылдау. Олар ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі.
Кейбіреулер күшті антибиотик қабылдаса, ауру тезірек өтеді деп ойлайды. Шынында бұл дұрыс емес! Дұрыс дәрі және емдеу схемасынсыз антибиотиктер әсер етпеуі немесе зиян тигізуі мүмкін.
Ш.АВТАХУНОВ,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
