Тазалық – қоршаған ортаның көркі ғана емес, қоғамның мәдениеті мен тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Айналаны таза ұстау, қоғамдық орындарды күтіп-баптау және табиғатты қорғау – баршаға ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы игі бастамаларды жүзеге асыру мақсатында Ұйғыр аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шарын ауылдық округіндегі жастар саябағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары …