Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұйғыр ауданындағы Асамбай асуы аумағында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және тазалық мәдениетін насихаттау. Акция барысында Асамбай асуы аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар аумақтағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоршаған ортаны қоқыстан …
Ұйғыр ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті