«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарадала орман шаруашылығы қарағаш тұқымын жинау жұмыстарын өткізді. Іс шараға 100 оқушы, 30 мұғалім және орман шаруашылығының 20 қызметкері қатысып, жалпы саны 150 адам атсалысты. Нәтижесінде 400 кг қарағаш тұқымы жиналды. Жиналған тұқымдар алдағы уақытта көшет өсіру мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына пайдаланылатын болады.