Кез келген дамыған, тіпті өркендеген мемлекеттердің өзінде сыбайлас жемқорлық деген жегі құрт етек жаятын құбылысқа айналды. Ол әрине қоғамның ілгері дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, адамдардың санасын улап жатқанын да жақсы түсінеміз. Арнайы заң шығарылып, ол қатаңдана түскен сайын, жемқорлықтың жолын кесіп тастау мүмкін болмай отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі таңда мемлекет саясатының ең өзекті әрі басым бағыттарының бірі. …