Тасқарасу ауылдық округінде «Азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы: конституциялық өзгерістерді талқылаудағы қоғамдық қатысу тетіктері» тақырыбында халықпен кездесу өтті. Кездесуді Тасқарасу ауылдық округінің әкімдігі ұйымдастырып, оған ауыл тұрғындары, белсенді азаматтар мен қоғам өкілдері қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың ұсыныс білдіру, қоғамдық талқылауларға қатысу және өз пікірін еркін жеткізу мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды. Кезлесу барысында тұрғындар өздерін …
ХАЛЫҚ ҮНІ – МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕРДІҢ НЕГІЗІ