Тарихымыздың белгілі бір кезеңі жазба деректер жұтаң болып келетін уақыттарға тап келеді. Мұндайда халық құрметтеген жеке тарихи тұлғалар туралы ел ауызындағы, шежіре деректердегі мәліметтерге жүгінетініміз бар. Сондай әулие-абыздардың бірі – Әлмерек баба. Оның өзінен гөрі бес баласынан тарайтын ұрпағы туралы деректер нақтырақ. Қытайдағы жазушы бауырымыз Әскер Тойғанбекұлы өзі жинаған деректер негізінде Әлмерек абыздың өмір сүрген кезеңін 1658–1754 жылдар деп көрсетеді. …