Ауданымыз мақтанатын адамдарға толы. Өнерде, мәдениетте, экономика мен басқа да салаларда. Ал әскери қызметтегілер туралы әңгіме мүлдем бөлек. Ауданымызда шекара отряды мен локатор қызметі әскери бөлімдері тұрғандықтан болар. Рехангүл деген жерлес апайым бар. Қырғызсайлық. Көрген жерде шүйіркелесіп, мәре-сәре болып қаламыз. Орталық базарда кездесіп қалып, бала-шағаның жағдайын сұрасып, мәз болыстық. Жолдасы Турсун ака менің ағаларыммен сыйлас дос болған еді. Әңгіме арасында …