Бүгінгі желбіреп тұрған көк туымыз бен төрдегі елтаңбамыз, қазақтың дарқан даласын әуелеткен әнұранымыз — біздің осы күнге дейінгі бүкіл тарихымыз бен ұлттық болмысымыздың айқын айғағы. Ата бабамыздың асқақ арманы, тағдырдың тәлкегімен, тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздігіміздің жемісі. Еркіндіктің жолында табанын тағдырды ң тасы тіліп, басынан бұлт арылтпаған нәубет күндердің шырмауынан шыға алмай, қайғы мен қасіреттен көз ашпаған ата бабаларымыз …