Бала кезімде үйдің қабырғасында кішкентай ғана радио ілулі тұратын. Ол әр ауылдағы әр тұрғынның үйінен табылатын. Идеологияның мықтылығы ма, жоқ әлде басқалай себебі болды ма, әйтеуір, сол бес сомдық радио еш демалыссыз істейтін. Ол таңғы сағат 6 дан бастап саңқылдайтын. Дауысын бәріміз еститінбіз. Онда жаңалықтардан бөлек концерттер, тіпті спектакльдер де қойылатын. Үйдің үлкендері бізді шулатпай соны жантайып жатып тыңдайтын. Сол …