Өткен жылы Елбасымыз 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын ұсынды. Оның ішінде балалар саулығы, жасөспірімдердің өсіп, жетілуі басты орындарға қойылған. Қоршаған ортаның тазалығы, қауіпсіздігі, ауаның ластанбауы, сапасыз азық-түліктің болмауы сияқты мәселелер де жақсы көтерілген. Осы бағдарлама аясында жылда балаларды қорғау күніне арналған көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Биыл да «Бұл әлемді балаларға сыйлаймыз» атты ұранмен аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан балалар бөлімінің …