Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 3 МЛН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 3 МЛН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

0
3,853

Есіктен – есікке жүру, үйілген анықтама жинау, көптеген құжаттар, бос жүрістерден шаршаған қазақстандықтар үшін, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы құрылуымен келмеске кетті. Қазіргі танда көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін ХҚКО-ның есігін аттамай-ақ, өзіңің жеке  компьютеріңде отырып немесе ұялы телефон, смартфондар арқылы жеке кабинетіне кіріп алуға болады.

Осыдан екі-үш жыл бұрын «бұл мүмкін емес» деп айтқан шығарсыздар. Ал қазіргі таңда бұның бәрі уақытымызды үнемдейтін шындық. 2016 жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрт ведомстваны біріктірген болатын: ХҚКО, зейнетақы төлеу орталығы, жылжымайтын мүлік және жер кадастры орталығы.

Бүгінгі күні «ХҚКО»-ның көрсететін қызметі, артықшылықтары туралы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облыстық филиалы ХҚКО департаментінің директоры  Бекжунусов Ермек Құралбекович айтып береді..

Мемлекеттік корпорациясына бірнеше қызметтердің бірігуі тосыннан  болған шаруа емес. «Біз қазақстандықтардың өмірге келген күнінен, өмірден өткенге дейінгі кезеңдерді қадағалап отырамыз» – деп Бекжунусов атап өтті.

Біздің қызмет қазақстандықтардың өмірін жақсарту,  мемлекеттік  қызметтің барлық спектрін жедел алуға жағдай жасау. Барлығы қол жетімді және оңай, оған жету үшін оңай жол немесе тәсіл іздеудің қажеті жоқ.

Біріктірілген мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады және әкімшілік кедергілерді жойып, құжаттар тізбесін азайтып, сұратылған мемлекеттік қызметтерді алуға, бұл процесті оларға көрсету анағұрлым ашық, ал мерзімі-аз болуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда, Алматы облысының 2 миллионнан астам тұрғынына 20 аудандық (қалалық) бөлімдері, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО, ӘТВЕО-ның 2 секторы ( Еңбекшіқазақ, Талдықорған), ХҚКО-ның 6 секторы (Қабанбай, Шелек, Қаракемер,Боралдай, Лепсі, Нарынкөл) қызмет істеуде. Сонымен қатар, аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерде 5 Мобильді ХҚКО және 8 (СОПС) (Алакөл ауданы, Достық ауылы; Балхаш ауданы, Бақбақты ауылдық округі; Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы және Қазыбек бек станциясы; Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би (Маловодное) ауылдық округі; Кербулак ауданы, Қоғалы ауылдық округі; Райымбек ауданы, Нарынкөл ауылдық округі; Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округі) ауылдық жерлердегі пошта бөлімдері жұмыс істеуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  арқылы ең көп қызмет көрсеткен Оңтүстік Қазақстан облысы, атап айтқанда — 4 893 258 қызмет көрсетілді, Бұл республика бойынша көрсетілген барлық қызметтердің 8,5%құрайды (34 295360).

Екінші орында орналасқан Алматы қ. — 3 882 765.

Сондай-ақ, үздік бестікке Алматы облысы кіреді (3 733426), Астана қаласы (2 949 603) және Қарағанды облысы (2 628 148).

2017 жылдың 11 айында ХҚКО-ның аудандық және қалалық бөлімдерімен 3млн астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде 2 млн астамы электронды түрде көрсетілген, яғни жалпы көрсетілген құжат санының 71% құрайды. Сонымен қатар, азаматтардың компьютерлік сауаттылығын арттырып, электрондық үкімет порталын танымалдандыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection point» секторы арқылы 1 млн астам қызмет көрсетілген, соның ішінде үш жүз мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Аталған электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану арқылы азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйінде немесе  жұмыс орнында отырып  алуына мүмкіншіліктері бар.

Бұған қоса, мобильдік  ХҚКО-тары  аудан орталықтарынан шалғай орналасқан 90 елді мекенге (Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Панфилов, Талғар және Ұйғыр) шығуды жүзеге асырып,  37267 қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, I–II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз  мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдайлар жасалынған. Атап айтсақ, Алматы облысы бойынша  28 730  I-II топтағымүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген. Бірыңғай байланыс 1414 орталығына хабарласып, 3546 мемелкеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі жандарға үйіне шығу арқылы көрсетілді. Бұған қоса, есту және сөйлеу қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді кедергісіз көрсету үшін, аудандық және қалалық ХҚКО бөлімдерінде 86 қызметкер ымдау тіліне оқытылды. Сондай-ақ, аталған бөлімдерде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін арнайы жұмыс орындары бөлініп, есту және сөйлеу қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулі жандарға қосалқы монитор арқылы онлайн режимінде сурдоаударма жасалынып тұрады.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске де үлкен мән берілуде, «НұрОтан» өкілдерінің қатысуымен, құқық қорғау органдары мамндарының қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі семинар-\кеңестер өткізіледі.

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап аудандық және қалалық ХҚКО бөлімдерінде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері   әлеуметтік қызметтер бойынша және міндетті медициналық сақтандыру бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетуде. Аталған қызметкерлерден өзіңіздің қандай әлеуметтік мәртебеге (жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат) жататындығын біле аласыз. Сонымен қатар, өзіңіздің қандай әлеуметтік мәртебеге жататындығын электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы білуіңізге болады.

Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-мен мемлекеттік қызметтерді оңтайландырып, халықтың уақытын үнемдеу мақсатында  келесі пилоттық жобалар жүзеге асуда. Аталған пилоттық жобаларға нақтырақ тоқтала кететін болсақ,

  • 2017 жылдың қаңтар айыннан бастап, «Қайтыс болуын тіркеу» және «Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау» композиттік қызметтері бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған пилоттық жоба бойынша, азаматтар ХҚКО бөліміне бір рет жүгініп, екі мемлекеттік қызмет түріне құжаттарын тапсырады.
  • «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде эксаумақтық қағиданы (облыс шегінде) қолдану» бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған пилоттық жоба бойынша азаматтар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, кез келген ХҚКО бөліміне (облыс шегінде) жобамен қарастырылған мемлекеттік қызмет түрлеріне құжаттарын тапрсырады.
  • 2017 жылдың ақпан айыннан бастап, «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері арқылы дайын болған құжаттарды азаматтардың үйлеріне жеткізу» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл пилоттық жоба бойынша, «Қазпошта» АҚ-ның жауапты қызметкерімен азаматтар арасында келісім шарт жасалынып, дайын болған құжаттар көрсетілген мекен жайға жеткізіледі.
  • 2017 жылдың сәуір айыннан бастап, «Апостильмен бірге соттылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру» пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған пилоттық жоба арқылы, шет елге шығып бара жатқан азаматтар бір өтінішпен екі мемлекеттік қызмет түрін 8 жұмыс күнінде алады. Ал бұрын мысалы, «Соттылығы бар/жоғы екендігі туралы анықтаманы» алу үшін 5 жұмыс күні, оған апостиль қою үшін тағы 17 күн кететін. Яғни, тұтынушыға апостиль қойылған анықтаманы алу үшін екі рет өтініш тапсыруға тура келетін.
  • 2017 жылдың шілде айыннан бастап, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы құжаттарды қабылдау және беру» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл пилоттық жоба арқылы, азаматтар тек қана ХҚКО бөлімдері ғана емес, барлық «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері арқылы 66 мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтініштер өткізіп, сол бөлімше арқылы дайын құжаттарың ала алады.
  • «Азаматтық хал актілер тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ХҚКО арқылы Бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша көрсету жөніндегі» пилоттық жоба іске қосылды. Аталған пилоттық жоба арқылы, азаматтар 1) «Бала тууды тіркеу», 2) «Қайтыс болуды тіркеу», 3) 2008 жылдан кейін тіркелген заңды күшіне енген сот шешімі негізінде «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу» мемлекеттік қызмет түрлерін 3 сағаттың ішінде ала алады. Бұрын, азаматтар аталған үш мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін   кемінде  2 жұмыс күні күтетін. Бұл пилоттық жоба, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» департаментінің 15 бөлімінде іске асуда.
  • 2017 жылдың тамыз айынан бастап, «Сіздің дербес менеджеріңіз» атты пилоттық жоба Талдықорған қалалық ХҚКО бөлімімен Мамандандырылған ХҚКО бөлімінде іске қосылды.  Мәселен, Егер Сіздің  ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақытыңыз жоқ болса , аталған пилоттық жоба аясында  мемлекеттік корпорацияның  қызметкерімен келісім шарт жасау арқылы «дербес менеджердің» қызметін алсаныз  болады.  Дербес менеджер Сіздің атыңыздан сенімхаттың негізінде  құжаттар рәсімдейді. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріңіз жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді. Дербес менеджердің қызметі  ақылы, ақпараттық анықтамалар 200 теңгеден басталады,  қызметтің  күрделілігіне  қарай 23 мың теңгеге дейін жетеді. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдеріне  өте қолайлы.
  • 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Азаматтарға сот органдарында ЭСҚ беру» пилоттық жобасы Талдықорған қаласымен Қарасай ауданының соттарында іске қосылды. Бұл ретте, ХҚКО қызметкерлері арқылы  аталған сот ғимараттарында  ЭЦҚ ала аласыз, ал соттың жауапты қызметкерлерінен «Сот кабинеті» сервисі бойынша кеңес аласыз.

Өздеріңізге мәлім, 2014 жылдың 23 желтоқсанында Талдықорған қаласының Шығыс шағын ауданының Орталық көшесінде (үйдің нөмірі жоқ), «Мамандандырылған ХҚКО-ғы» ашылған болатын. Аталған, ХҚКО арқылы автокөлікті тіркеу немесе қайта тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға құжаттарын өткізе аласыз. Сондай-ақ, жоғары  сұраныстағы  автомобиль нөмерлерін сатып алуға мүмкіншіліктеріңіз бар. Сонымен қатар,  арнайы көлік  жүргізу алаңында мотоциклді, жеңіл автокөлікті, жүк көлігі мен автобусты жүргізу арқылы  арқылы А, В, С, D категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыра аласыздар.

2017 жылдың 11 айында Мамандандырылған ХҚКО арқылы 60 мыннан астам құжат қабылданды.

Тағы да айта кететін жайт, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталынан  30 мемлекеттік қызметті электронды цифрлық қолтаңбасыз алуға мүмкіншіліктеріңіз бар.    Ол үшін, Сізге ХҚКО бөлімдері немесе электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы «мобильдік азаматтар қорына» өзіңіздің ұялы телефон нөмеріңізді тіркетулеріңіз қажет. Содан соң, аталған веб-порталында ЖСН және «мобильдік азаматтар қорында» тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсетіп, келіп түскен бір жолғы парольді арнайы жолға енгізу арқылы  30 мемлекеттік қызметті алуға болады.

Сонымен қатар, халықтың көпшілігі жиналған орындарда (сауда үйлерінде, ойын-сауық кешендерде  т.б.)  бейне  кабинка орнату  жоспарлануда. Аталған  бейне  кабинка  арқылы азаматтардың  халыққа  қызмет көрсету орталығына  жүгінбей-ақ,   қашықтықтан   онлайн  режимде кеңес  алуға мүмкіндіктері  болады. Бейне кабинкаға жүгініп,  өзінің  сауалдарын  қойған  азаматтарға   халыққа қызмет көрсету орталығының  бос операторы  онлайн  режимде  көгілдір экран  арқылы жауап  беретін  болады.  Бұл  бастама,  халыққа  қызмет  көрсету орталығына жүгінуге  қолдары тимейтін  азаматтарға  өте қолайлы болады деп есептеймін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…